1 қазанда облыстың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі: Ақтөбе облысы, 01 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

1 қазанда облыстың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі

Алдағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді дайындау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Бүгінде жалпы дайындық 98% құрайды. Ақтөбе облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше жылыту маусымына жауапты мекемелер - «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Энергосистема» ЖШС және «Aqtobe su-energy group» АҚ әзірлік паспорттарын алды. Бюджеттік ұйымдар үшін алдағы жылыту маусымына қажетті көмір отыны – 26 738,9 тонна және дизель отыны – 1 622,3 тонна толығымен жеткізілді.

«Биыл жылыту маусымында халық қажеттілігіне керекті 21500 тонна көмірдің 9233 тоннасы немесе 43% өңірге жеткізілді. Тағы 11 вагон көмір жақын күндері жеткізіледі. Қазіргі таңда 41-разъезде 3000 тонна көмір бар. Бағасы тоннасына 23 000 теңге», - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев.

Атап өтейік, облыста 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Ал тұрғын үйлер жылумен 15 қазаннан бастап қамтамасыз етіледі.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Алдағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді дайындау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Бүгінде жалпы дайындық 98% құрайды. Ақтөбе облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше жылыту маусымына жауапты мекемелер - «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Энергосистема» ЖШС және «Aqtobe su-energy group» АҚ әзірлік паспорттарын алды. Бюджеттік ұйымдар үшін алдағы жылыту маусымына қажетті көмір отыны – 26 738,9 тонна және дизель отыны – 1 622,3 тонна толығымен жеткізілді.
«Биыл жылыту маусымында халық қажеттілігіне керекті 21500 тонна көмірдің 9233 тоннасы немесе 43% өңірге жеткізілді. Тағы 11 вагон көмір жақын күндері жеткізіледі. Қазіргі таңда 41-разъезде 3000 тонна көмір бар. Бағасы тоннасына 23 000 теңге», - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев.
Атап өтейік, облыста 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Ал тұрғын үйлер жылумен 15 қазаннан бастап қамтамасыз етіледі.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Аймақтағы жаңалықтар