15 мамырда Жетісу облысында электр сиреналары қосылады
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы 15 мамырда сағат 12.55-те "Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде және облыстық хабарландыру жүйесін техникалық тексеру мақсатында электр сиреналары қосылатынын хабарлайды. Осыған байланысты Сізден үрейленбеуіңізді және түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сонымен қатар Жетісу облыстық ТЖД төтенше жағдай туындаған жағдайда электр сиренасын қосудағы іс-әрекет ережелерін еске салады.
Егер сигнал сіз үйде болған кезде қосылса:
- радионы, радиотрансляция мен теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес жедел хабарламаны тыңдаңыз.
Егер сигнал қосылғанда сыртта болсаңыз:
- көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы жеткізілген шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша дайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -