18 қыркүйекте Қарағанды облысында тексеру үшін дыбыстық электр сиреналары іске қосылады
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын 18 қыркүйекте дыбыстық электр сиреналары іске қосылатыны туралы ескертеді.
"Аумақтық деңгейдегі "Баршаның назарына!" сигналы бойынша хабарландыру жүйесінің дайындығын тексеру үшін 2024 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 10:55-те барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеулеріңізді сұраймыз", – делінген ТЖ департаментінің хабарламасында.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -