2025 жылы Ақтөбе облысында 965 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылысы қаралды.
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев өңірде тұрғын үйді іске қосу қарқыны жағынан өсім бар екенін атап өтті. Мәселен, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста 964 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған, бұл жоспарланған межеден 14 мың шаршы метрге артық. 2025 жылы 595,3 мың шаршы метр жеке тұрғын үй, 354,7 мың шаршы метр көппәтерлі үй салу жоспарлануда. Ақтөбе мен Алға қалаларында 142 мың шаршы метр немесе 1 857 пәтер салу жоспары бар. Жалпы, 965 мың шаршы метрді құрайды.
Тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттерден 49 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 12 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. 22 ауыспалы білім беру нысандарының құрылысы жалғасады және IT Хабты қоса алғанда, 3 жаңа жоба іске асырылады. Сондай-ақ, Ақтөбеде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 300 орындық балабақша құрылысы басталады.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 14 нысан халық игілігіне беріледі. Биыл Жаңақоныстағы ауруханаға жапсарлас құрылыс жұмыстарын аяқтау, Жемде дәрігерлік амбулатория және Қобда ауданы Өтек ауылында медпункт салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Хромтауда мәдениет үйінің құрылысы аяқталмақ. Бұдан өзге, облыс орталығында 5000 орындық көпфункционалды спорт кешені мен стадионның жобасы әзірленуде. Шалқар, Хромтау, Кеңқияқта дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен Шұбарқұдық және басқа да бірқатар ауылдарда бассейндер тапсырылады.
Облыс әкімі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп, 2025 жылға жоспарланған барлық нысанның уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Асхат Шахаров кіреберіс жолдарды, тротуарларды салу және әлеуметтік нысандарды жарықтандыруды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
«Барлық құрылыс жобаларының белгіленген мерзімде және жоғары сапа деңгейінде орындалуын қамтамасыз ету үшін олардың іске асырылуын бақылауды күшейту қажет. Бұл тек мерзімдерді сақтауға ғана емес, бөлінген ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне де қатысты, өйткені бұл жобалар өңір және жалпы ел тұрғындарының игілігіне бағытталған», - деді өңір басшысы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -