2026 жылғы Өңірлік климаттық саммитке дайындық
2025 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері – Азия Даму Банкінің Елдік өкілі Кумар Утсав бастаған делегациясы, сондай-ақ Дүниежүзілік Банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен 2026 жылғы Өңірлік климаттық саммитке дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Министр Саммитке белсенді дайындық жүріп жатқанын атап өтіп, қазіргі уақытта Саммиттің мазмұндық бөлігінің негізгі аспектілері анықталғанын жеткізді.
Министрлік жоғарыда аталған ұйымдарды Саммиттің стратегиялық серіктестері ретінде қарастырады, себебі олардың орнықты даму саласындағы тәжірибесі, сараптамалық қолдауы және қаржылық құралдары аса маңызды.
Халықаралық қаржы институттарының қолдауы Саммиттің мазмұндық бөлігін дайындауда маңызды рөл атқарады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -