Ақмола облысында жастар форумы өтті
Ақмола облысының озат жастары марапатталды. Бүгін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жаңа Студенттер сарайында «Жалынды Ақмола жастары» атты облыстық жастар форумы өтті.
Жыл сайынғы Форум әр түрлі саладағы жас қызметкерлерді ғана емес, сонымен қатар беделді конкурстар мен кәсіби чемпионаттардың жеңімпаздарын біріктірді. Іс-шараның басты мақсаты жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында «Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс» тұжырымдамасын танымал ету болды.
Облыс әкімі өз сөзінде жас ұрпақ үшін адал еңбектің, азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділіктің маңыздылығын атап өтті.
«Әрқайсыларыңыз – өңіріміздің болашағысыздар. Біз сіздердің бастамаларыңызды, жобаларыңызды және идеяларыңызды қолдауға дайынбыз. Сіздер қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші бола аласыздар», - деп атап өтті облыс әкімі.
Қоғамда жүргізіліп жатқан өзгерістерге кәсіпорындардың, білім беру және бизнес салаларының жас қызметкерлері де өз пікірлерін білдірді.
«Біздің мемлекетіміздің кәсіби даму үшін беретін мүмкіндіктері орасан зор. Мен сіздерді болашақта дамудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын», - деді «НОВОПЭК» ЖШС инженер-энергетигі Андрей Сүлейманов.
Іс-шара «Aqmola Power» инновациялық жобалар конкурстарының, «ECO AQMOLA» экологиялық идеялар мен волонтерлік жобалар байқауы жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының номинанттарына марапаттар табысталды.
Шара соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -