Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесінің 2024 жылғы нәтижелері мен 2025 жылғы жоспары талқыланды
2025 жылдың 23 қаңтарында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының Алқа отырысы өтті. Онда 2024 жылға арналған жұмыс қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған басымдықтар айқындалды. Шараға облыс әкімі орынбасары Алтынай Амренова, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысты.
Негізгі есеппен облыстық денсаулық сақтау басқармасы міндетін атқарушы Елена Иванова сөз сөйледі.
«Аймақтың денсаулық сақтау жүйесін дамыту — біздің басты міндетіміз. Біз жаңа технологияларды енгізу мен инфрақұрылымды жақсартумен қатар, әрбір тұрғынға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ұмтылудамыз», — деп атап өтті Елена Иванова.
Артериялық гипертония мен онкологиялық аурулардан туындаған жоғары жалпы өлім-жітім мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Күн тәртібі бойынша баяндамалар жасалды:
Облыс әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі Василий Шиманский, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мәселелерін көтерді. Ақмола облысы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Турмаганбет Талғат, 2024 жылғы қаржыландыру және сатып алу қорытындылары туралы есеп берді. Ақмола облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің директоры Бибігүл Иманқұлова, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары туралы баяндады.Отырыста инфрақұрылымды дамыту мәселелері де талқыланды. 2024 жылы 28 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісі пайдалануға берілді, ал 2025 жылы тағы 10 объектінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар денсаулық сақтау жүйесінің проблемалық мәселелерін талқылап, оларды шешу және аймақта медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -