Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды: Ақмола облысы, 30 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Гүлмира Тоқтарқызы Кәрімова Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Гүлмира Кәрімова В.И. Ульянов - Ленин атындағы Қазан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау қаласының Ауыл шаруашылығы институтында тағылымдамадан өтуші-оқытушы болып бастаған.

1993-1999 жылдары Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының экономика, кәсіпкерліктің экономикалық теориясы кафедрасының ассистенті, С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының педагогика, психология, философия кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

1999-2007 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті философия кафедрасының аға оқытушысы болды.

2007 жылдан бастап Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Гүлмира Тоқтарқызы Кәрімова Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Гүлмира Кәрімова В.И. Ульянов - Ленин атындағы Қазан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау қаласының Ауыл шаруашылығы институтында тағылымдамадан өтуші-оқытушы болып бастаған.

1993-1999 жылдары Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының экономика, кәсіпкерліктің экономикалық теориясы кафедрасының ассистенті, С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының педагогика, психология, философия кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

1999-2007 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті философия кафедрасының аға оқытушысы болды.

2007 жылдан бастап Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Аймақтағы жаңалықтар