Ақтөбе облысында этиленаминдер шығаратын зауыт салу жоспарлануда
Этиленаминдер шығаратын зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны «Chemical Synergy Qazaqstan» ЖШС ұсынып отыр.
Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов пен «Chemical Synergy Qazaqstan» ЖШС компаниясының өкілі Әлібек Керей осы жобаны іске асыру аясында меморандумға қол қойды.
«Бұл меморандум біздің ортақ мақсатымызды ғана емес, оған қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді де білдіреді. Инвестициялық жоба өнеркәсіп пен жалпы экономиканы дамытудағы маңызды қадам болмақ. Зауыт салынса, жаңа жұмыс орындары ашылады, бұл, әрине, тұрғындарымыздың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді және өңірге қосымша инвестициялар тартуға көмектеседі», - деп атап өтті құжатқа қол қойғаннан кейін облыс әкімінің орынбасары.
Өз кезегінде «Chemical Synergy Qazaqstan» ЖШС акционері Әлібек Керей компания зауыт құрылысына барлық күш-жігерін салатынын және оның табысты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге әзір екендігіне сендірді.
Айта кету керек, этиленаминдер - әртүрлі салаларда қолданылатын өнімдерді өндірудің негізгі компоненттері. Этиленаминдер ауылшаруашылық өнімдерін, целлюлоза мен қағазды, бояулар мен жабындар, желімдер, Мұнай өнеркәсібі және газды өңдеуді, полиуретанды катализаторларды, электроника, фармацевтика мен тоқыма бұйымдарын өндіруде қолданылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -