Ақтөбеде 90 шақырымдай жол жөнделіп, суағарлар салынуда
Әрқайсысы 5 шақырымды құрайтын суағар кәріздері 11 шағын ауданда және Авиаторда салынып жатыр.
Өңір басшысы нысандарға барып, жұмыстардың іске асырылу барысымен танысты. 11 шағын ауданда құрылысты «Қарасай Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Жобаның құны - 1,7 млрд теңге. Құрылыс 2025 жылы аяқталмақ.
ЖШС өкілі жаңа суағарға 11 ықшамаудан
ның
ғана емес, Алтын орда
дан
да су жиналатынын түсіндірді. Оның су өткізу қауқары сағатына 3800 текше метрді құрайды. Ал суды айдауға сорғылар орнатылады. Ол Сазды өзеніне құяды деген жоспар бар.
Авиаторда нөсер суы жиналатын кәрізді салуға «КазЕвроСтрой» ЖШС жауапты. Бюджеттен 3,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген. Жоба 2025 жылы аяқталады деп күтілуде.
Әрі қарай Асхат Шахаров Оңтүстік-Батыс-2 ықшамауданында жөнделіп жатқан Қазақай-Ахун көшесіне барды.
«А.Т.Е.-ЖОЛ» ЖШС жобасының жетекшісі Әлібек Нұрғалиев осы көше бойындағы асфальт жабыны кей жерлерде сақталғанын айтты. Компания 1,3 шақырым жолды жөндеуі керек. Былтыр басталған жобада жер төсеміне асфальт төсеу, үйлердің кіреберіс жолын дұрыстау, көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру көзделген.
«Бүкіл тұрғын алабы батпақты жерде орналасқан. Қазақай-Ахун көшесіндегі жолдың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін ТКШ бөлімі және авторлық қадағалаумен бірлесіп, қопсытылған топырақты құм-қиыршық тас қоспасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Біз бір метр тереңдіктегі топырақты алып тастаймыз, шұңқырды қиыршық тасты құммен толтырамыз. Әрине, жұмыс көлемі артты. Сонымен қатар, бұл - ұзындығы 1 шақырым 300 метрді құрайтын ең ұзын көшелердің бірі. Бірақ біз оны уақытында, яғни
2025 жылы толығымен тапсырамыз. Биыл жолдың 70%-ын жөндеуді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, газбен жабдықтау объектілерімен қоса, 24 қиылысты қайта құру және тұтынушыларды басқа газ құбырларына ауыстыру көзделген», - деді Әлібек Нұрғалиев.
«А.Т.Е.-ЖОЛ» ЖШС жалпы
қаладағы
21 көше
нің
жолдар
ын
жөндейді.
«Биыл қала бойынша жалпы ұзындығы 84,4 шақырымды құрайтын жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Қаржыландыру мәселесіне қарай,
қарай қосымша жобаларды қабылдай отырып, көлемді арттырамыз. Біріншіден, біз бірде-бір жөндеу көрмеген жолдарды ретке келтіреміз. Қазір Заречный, Жаңақоныс, Оңтүстік-Батыс-2 және басқа да бірқатар тұрғын алапта жолдар жөнделуде. Былтыр басталған 24 жоба бойынша жұмыс жалғасуда. Әр жобаға елді мекендердегі бірнеше көше кіреді. Оның ішінде, мысалы, Кірпіштідегі 23 көше, Оңтүстік-Батыс-2-дегі 21 көше, Ясный-2-дегі - 15 көше. 15 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, тағы жеті көшенің жолы күрделі жөндеуден өтеді. 16 тұрғын алаптағы мектептердің кіреберіс жолдары салынады. Сонымен қатар шұңқырларды жөндеу жалғасуда», - деп түсіндірді облыс әкімі.
Қаланы аралау кезінде Асхат Шахаров Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көшесіндегі (бұрынғы С.Разин көшесі) автожолға күрделі жөндеу барысымен танысты. «Ақтөбе Кап-Рем-Строй» ЖШС мердігер ұйымы бес ай ішінде 1 шақырым жолды жөндеуі тиіс. Жобаның құны 313,3 млн теңге.
Облыс әкімі Заречныйдағы Мұхаммед-Салық Бабажанов көшесінде де болып, орташа жөндеу жүргізіліп жатқан жол учаскелерін қарап шықты.
Өңір басшысы мердігер компанияларға жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді және көрсетілген мерзімде сапалы жөндеу жүргізуді тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -