АҚЖУ Шымкент қаласы бойынша өкілі қала аудандарының бірінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесті
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкіліне қаладағы Тараз шағын ауданында орналасқан Жәнібеков көшесінің тұрғындарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарау туралы ұжымдық өтініш түсті.
Арызданушылар соңғы кездері аталған көшенің кептеліске толып, соған сәйкес жол-көлік оқиғаларының да көбейіп кеткеніне шағымданды.
Мәселен, соңғы күндердің бірінде қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік 20 жастағы қызды қағып кетіп, оқиға орнында көз жұмған. Ал мұндай оқыс оқиғалар көп, дейді тұрғындар.
Олар бейнебақылау камераларын орнатуға, жылдамдықты азайтуға және жылдамдықты шектеу белгілерінің санын көбейтуге көмектесуді сұрады.
Уәкілдің өкілі мән-жайды тексеру үшін Шымкент қаласының әкімдігіне сауал жолдады. Әкімдіктің жауабына сәйкес, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының мамандары тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде Ө.Жәнбеков пен Жетісу көшелерінің қиылысына қажетті жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату туралы шешім қабылданды. Қыркүйек айының басында жол белгілері мен кедергілер орнатылды.
Осылайша, шымкенттіктердің өтініші толығымен қанағаттандырылып, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, олардың құқықтары қалпына келтірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -