Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды: Астана қаласы, 14 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Абай Ұлттық мектебі жана ғимаратының алғашқы қазығы қағылды

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының жаңа ғимаратының құрылысын бастау рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Алматы қаласының басшылығы, «Қазақстанның Еңбек Ерлері» А.Миразова, Г.Нұрпейісова, А. Жұмаділдаев, Парламент және мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым мен педагогикалық қауымдастық өкілдері қатысты.Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Абай атындағы мектептің жаңа ғимаратын салу орта білімнің ұлттық брендін қалыптастыруға қосылған үлкен үлес екенін айтты. Сондай-ақ Палата Төрағасы бұл қадам қоғамда ұлттық мүддені берік орнықтыру және тарихи сабақтастықты сақтау үшін қажет екеніне назар аударды.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Семей өңірінде абайтанушы ғалымдармен кездесуінде Абай атындағы республикалық мектеп-интернатын заманауи талапқа сай жетілдіріп, ең үздік білім ордасына айналдыру, гуманитарлық саланы дамыту, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға баса мән беру туралы тапсырма берген болатын. Осы мақсатта бүгінгі таңда Абай атындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатын «Абай ұлттық мектебіне» трансформациялау тұжырымдамасы жасалуда. Сондай-ақ Президент бастамасымен елімізде гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттар желісі дамуда.Жаңа ғимараттың алғашқы қазығын қағу рәсімінде сөз сөйлеген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай ұлттық мектебінің болашақта барлық мектептің көшін бастайтын үлгілі білім ошағына айналатынына сенім білдірді.«Мемлекет басшысы ана тіліміз бен төл әдебиетіміздің қадір-қасиетін балаларға мектеп жасынан бастап сіңіруді, бұл бағытта бірыңғай ұстаным әзірлеуді тапсырды. Абай мектептері желісі үшін біртұтас «ABAY-Programme» бағдарламасын әзірлеу қолға алынды. Республикалық Абай мектебін трансформациялау арқылы біз тіл мен әдебиетті тереңдетіп оқытып қана қоймай, еліміздің болашақ интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға қадам жасаймыз. Абай ұлттық мектебі – Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» ілімінен тағылым алған, заманауи білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, патриот жастардың киелі білім ұясына айналуы тиіс», - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.Айта кетейік, құрылысы басталған жаңа ғимарат нысаны 900 оқушы орнына арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, ABAY-arena спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған. Білім ұйымын 2025 жылы қыркүйектен бастап қолданысқа беру жоспарланған.Сонымен қатар жұмыс сапары кезінде №63 орта мектеп базасында орналасқан ресурстық орталықтың жұмысымен танысты. Мектеп бүгінгі таңда инклюзивті білім беруде инновациялық әдістерді белсенді түрде енгізуде.



Ақпарат көзі: Министерство образования и науки Республики Казахстан


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының жаңа ғимаратының құрылысын бастау рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Алматы қаласының басшылығы, «Қазақстанның Еңбек Ерлері» А.Миразова, Г.Нұрпейісова, А. Жұмаділдаев, Парламент және мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым мен педагогикалық қауымдастық өкілдері қатысты.Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Абай атындағы мектептің жаңа ғимаратын салу орта білімнің ұлттық брендін қалыптастыруға қосылған үлкен үлес екенін айтты. Сондай-ақ Палата Төрағасы бұл қадам қоғамда ұлттық мүддені берік орнықтыру және тарихи сабақтастықты сақтау үшін қажет екеніне назар аударды.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Семей өңірінде абайтанушы ғалымдармен кездесуінде Абай атындағы республикалық мектеп-интернатын заманауи талапқа сай жетілдіріп, ең үздік білім ордасына айналдыру, гуманитарлық саланы дамыту, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға баса мән беру туралы тапсырма берген болатын. Осы мақсатта бүгінгі таңда Абай атындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатын «Абай ұлттық мектебіне» трансформациялау тұжырымдамасы жасалуда. Сондай-ақ Президент бастамасымен елімізде гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттар желісі дамуда.Жаңа ғимараттың алғашқы қазығын қағу рәсімінде сөз сөйлеген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай ұлттық мектебінің болашақта барлық мектептің көшін бастайтын үлгілі білім ошағына айналатынына сенім білдірді.«Мемлекет басшысы ана тіліміз бен төл әдебиетіміздің қадір-қасиетін балаларға мектеп жасынан бастап сіңіруді, бұл бағытта бірыңғай ұстаным әзірлеуді тапсырды. Абай мектептері желісі үшін біртұтас «ABAY-Programme» бағдарламасын әзірлеу қолға алынды. Республикалық Абай мектебін трансформациялау арқылы біз тіл мен әдебиетті тереңдетіп оқытып қана қоймай, еліміздің болашақ интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға қадам жасаймыз. Абай ұлттық мектебі – Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» ілімінен тағылым алған, заманауи білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, патриот жастардың киелі білім ұясына айналуы тиіс», - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.Айта кетейік, құрылысы басталған жаңа ғимарат нысаны 900 оқушы орнына арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, ABAY-arena спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған. Білім ұйымын 2025 жылы қыркүйектен бастап қолданысқа беру жоспарланған.Сонымен қатар жұмыс сапары кезінде №63 орта мектеп базасында орналасқан ресурстық орталықтың жұмысымен танысты. Мектеп бүгінгі таңда инклюзивті білім беруде инновациялық әдістерді белсенді түрде енгізуде.</p>

Аймақтағы жаңалықтар