Абай облысында мемлекеттік аудиттен кейін аграрлық компанияларға кредит беру кезінде жол берілген бұзушылықтар жойылды: Астана қаласы, 14 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Абай облысында мемлекеттік аудиттен кейін аграрлық компанияларға кредит беру кезінде жол берілген бұзушылықтар жойылды

Абай облысының аграрлық компаниялары ҚР Жоғары аудиторлық палатасының араласуынан кейін екі ірі мемлекеттік кредит бойынша кепілмен қамтамасыз етті.

Өңірде биыл мамырда өткен аудит барысында ауыл шаруашылығы жобаларын іріктеу жөніндегі комиссия екі қарыз алушыға («Қалиханұлы» ш/қ және «Өрнек» ЖШС) жалпы сомасы 2 млрд теңгеге кепілдік болмағанына қарамастан кредит беру туралы шешім қабылдағаны анықталды. Жоғары аудиторлық палата биыл 14 қазанға дейін орын алған бұзушылықты жою туралы нұсқама берді.

Нәтижесінде «Семей» ӘКК» АҚ аталған кәсіпорындармен 2,6 млрд теңгеден астам сомаға кепіл шарттарын жасасты. Кепіл ретінде көлік құралдары, жабдықтар және басқа да мүлік қабылданды.

Осылайша, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы орындалып, бақылаудан алынды.

Telegram-каналға жазылу

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Абай облысының аграрлық компаниялары ҚР Жоғары аудиторлық палатасының араласуынан кейін екі ірі мемлекеттік кредит бойынша кепілмен қамтамасыз етті.

Өңірде биыл мамырда өткен аудит барысында ауыл шаруашылығы жобаларын іріктеу жөніндегі комиссия екі қарыз алушыға («Қалиханұлы» ш/қ және «Өрнек» ЖШС) жалпы сомасы 2 млрд теңгеге кепілдік болмағанына қарамастан кредит беру туралы шешім қабылдағаны анықталды. Жоғары аудиторлық палата биыл 14 қазанға дейін орын алған бұзушылықты жою туралы нұсқама берді.

Нәтижесінде «Семей» ӘКК» АҚ аталған кәсіпорындармен 2,6 млрд теңгеден астам сомаға кепіл шарттарын жасасты. Кепіл ретінде көлік құралдары, жабдықтар және басқа да мүлік қабылданды.

Осылайша, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы орындалып, бақылаудан алынды.
Telegram-каналға жазылу

Аймақтағы жаңалықтар