Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Мен қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын және осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», - деп атап өтті Омбудсмен.Сондай-ақ ол Әзірбайжан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Сабина Алиевамен телефон арқылы сөйлескенін және оның кеңсесі қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті құқықтық көмек көрсететініне сендірді.Тікелей байланысты қамтамасыз ету үшін оның құрамына Қазақстан мен Әзірбайжан омбудсмендері кеңселерінің қызметкерлері кірген жұмыс тобы құрылып, қажетті ақпарат алмасу да жолға қойылды.Бұл ретте Уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі барынша қолдау көрсетіп, белсенділік танытады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -