Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің өкілдерімен кездесті: Астана қаласы, 18 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі міндетін атқарушы Стивен О’Маллимен және Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің басшысы Куртмолла Абдулганиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстың нәтижелерін қорытындылап, алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі мен Елдік тобының Қазақстандағы рөлі және олардың адам құқықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі қарастырылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев құқық қорғау институтының қызметін таныстырып, оның негізгі функциялары, азаматтардың өтініштерін қарау тетіктері және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы мәлімет берді.Омбудсмен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында БҰҰ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдың жаһандық стандарттарды енгізуге және еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап көрсетті.БҰҰ өкілдері басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, адам құқықтары саласындағы ұлттық бастамаларды қолдау, құқықтық сауаттылықты арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға және өзара ынтымақтастықты жалғастыруға бейілділіктерін растады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі міндетін атқарушы Стивен О’Маллимен және Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің басшысы Куртмолла Абдулганиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстың нәтижелерін қорытындылап, алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі мен Елдік тобының Қазақстандағы рөлі және олардың адам құқықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі қарастырылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев құқық қорғау институтының қызметін таныстырып, оның негізгі функциялары, азаматтардың өтініштерін қарау тетіктері және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы мәлімет берді.Омбудсмен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында БҰҰ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдың жаһандық стандарттарды енгізуге және еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап көрсетті.БҰҰ өкілдері басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, адам құқықтары саласындағы ұлттық бастамаларды қолдау, құқықтық сауаттылықты арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға және өзара ынтымақтастықты жалғастыруға бейілділіктерін растады.</p>

Аймақтағы жаңалықтар