Агенттік пен Еуропа қайта құру және даму банкі Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды: Алматы қаласы, 05 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Агенттік пен Еуропа қайта құру және даму банкі Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы шеңберінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың ЕҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2023 жылы Марракеш қаласында Дүниежүзілік Банктің бастамасымен Әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру туралы кодексте (WEFinanceCode) көзделген қаржы нарығында гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында тараптар WE Finance Code кәсіпкер әйелдерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

WE Finance Code – бұл жынысы бойынша бөлінген шағын және орта кәсіпорындар туралы деректер жинауды кеңейтуге және кәсіпкерлік саласындағы гендерлік-сезімтал саясаттарды әзірлеу үшін деректерді пайдалануға бағытталған көпжақты халықаралық бастама.

Әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру туралы кодекс Дүниежүзілік банк ұйымдастырған бірлескен серіктестік негізінде жүзеге асырылады, оның мақсаты әйелдер басқаратын компаниялар тап болатын қаржылық және қаржылық емес шектеулерді жою болып табылады.

Кездесу барысында қаржы нарығының ағымдағы жай-күйі, банк секторында, сақтандыруда және бағалы қағаздар нарығында қабылданған негізгі заңнамалық және реттеуші реформалар мәселелері қаралды.

Тараптар ЕҚДБ-ның техникалық көмек бағдарламаларын іске асырудың, оның ішінде қаржы секторында ESG қағидаттарын енгізу, стрестік активтер нарығын дамыту, еншілес шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашуға қойылатын талаптарды ырықтандыру жөніндегі оң қорытындыларын атап өтті. Бұдан әрі бірлескен жұмыс ретінде тараптар банктер туралы жаңа заңды әзірлеу бойынша техникалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы шеңберінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың ЕҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2023 жылы Марракеш қаласында Дүниежүзілік Банктің бастамасымен Әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру туралы кодексте (WEFinanceCode) көзделген қаржы нарығында гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында тараптар WE Finance Code кәсіпкер әйелдерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

WE Finance Code – бұл жынысы бойынша бөлінген шағын және орта кәсіпорындар туралы деректер жинауды кеңейтуге және кәсіпкерлік саласындағы гендерлік-сезімтал саясаттарды әзірлеу үшін деректерді пайдалануға бағытталған көпжақты халықаралық бастама.

Әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру туралы кодекс Дүниежүзілік банк ұйымдастырған бірлескен серіктестік негізінде жүзеге асырылады, оның мақсаты әйелдер басқаратын компаниялар тап болатын қаржылық және қаржылық емес шектеулерді жою болып табылады.

Кездесу барысында қаржы нарығының ағымдағы жай-күйі, банк секторында, сақтандыруда және бағалы қағаздар нарығында қабылданған негізгі заңнамалық және реттеуші реформалар мәселелері қаралды.

Тараптар ЕҚДБ-ның техникалық көмек бағдарламаларын іске асырудың, оның ішінде қаржы секторында ESG қағидаттарын енгізу, стрестік активтер нарығын дамыту, еншілес шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашуға қойылатын талаптарды ырықтандыру жөніндегі оң қорытындыларын атап өтті. Бұдан әрі бірлескен жұмыс ретінде тараптар банктер туралы жаңа заңды әзірлеу бойынша техникалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Аймақтағы жаңалықтар