Агенттік ШОБ арасында сауалнама жүргізуді бастады
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі –Агенттік) кредиттер алу кезінде ықтимал кедергілерді анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды одан әрі әзірлеу мақсатында шағын және ортабизнес субъектілері арасында сауалнаманы бастады.
Қаржыландыруға қол жеткізу кәсіпкерлікті дамытудың маңызды факторы болып табылады. Сонымен бірге шағын және орта бизнес кредиттік ресурстарды алған кезде әр түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Осыған байланысты Агенттік кәсіпкерлердің негізгі мәселелерін зерттеуге және олардың кері байланысы негізінде ықтимал шешімдерді әзірлеп, ұсынуға мүмкіндік беретін зерттеуге бастама жасады.
Агенттік ШОБ өкілдерін сауалнамаға қатысуға, өздерінің кредит беру тәжірибесімен бөлісуге және өздері тап болатын негізгі қиындықтарды белгілеуге шақырады.
Зерттеу нәтижелері қаржыландыру жағдайларын жетілдіру және бизнес үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру үшін пайдаланылатын болады.
Сауалнаманы мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://forms.gle/2WFNVu1dQSa24xBeA.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -