Агенттікте климаттың өзгеруі мәселелері талқыланды: Астана қаласы, 31 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Агенттікте климаттың өзгеруі мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Сырымбет Қаскеев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізіп, онда «жасыл» күн тәртібі және климаттың өзгеруіне қарсы институционалдық жүйені бағалау туралы есептің презентациясы талқыланды.

Сырымбет Каскеевтің айтуынша, биыл Мемлекет басшысы «2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» Жарлық қабылдады, онда экология саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі экологиялық тұрақтылықты арттыру болып табылады.

«Сала дамуы көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу, ауа мен су ресурстарының сапасын арттыру, су ресурстарын тиімді пайдалану мен сақтау, биоәртүрлілікті сақтау және қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін көтеруге бағытталады» – деді Агенттік Төрағасының орынбасары.

Дүниежүзілік банк өкілдерінің айтуынша, соңғы онжылдықта Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күресте институционалдық негізін айтарлықтай нығайтты.

«Климаттың өзгеруі Қазақстан экономикасының әртүрлі секторларына әсер етіп, мемлекет пен жеке сектордың бірлескен күш-жігері мен іс-қимылын талап етеді» – деп атап өтті Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару саласының маманы Саламат Кусаинова.

Іс-шараның соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Сырымбет Қаскеев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізіп, онда «жасыл» күн тәртібі және климаттың өзгеруіне қарсы институционалдық жүйені бағалау туралы есептің презентациясы талқыланды.

Сырымбет Каскеевтің айтуынша, биыл Мемлекет басшысы «2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» Жарлық қабылдады, онда экология саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі экологиялық тұрақтылықты арттыру болып табылады.

«Сала дамуы көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу, ауа мен су ресурстарының сапасын арттыру, су ресурстарын тиімді пайдалану мен сақтау, биоәртүрлілікті сақтау және қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін көтеруге бағытталады» – деді Агенттік Төрағасының орынбасары.

Дүниежүзілік банк өкілдерінің айтуынша, соңғы онжылдықта Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күресте институционалдық негізін айтарлықтай нығайтты.

«Климаттың өзгеруі Қазақстан экономикасының әртүрлі секторларына әсер етіп, мемлекет пен жеке сектордың бірлескен күш-жігері мен іс-қимылын талап етеді» – деп атап өтті Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару саласының маманы Саламат Кусаинова.

Іс-шараның соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Аймақтағы жаңалықтар