Алматыда қар мен жаңбыр: жолдағы арнайы техника және көктайғаққа қарсы шаралар
22 қараша күні түнгі сағат 12-ден бастап Алматыда жаңбыр түріндегі жауын-шашын, ал таңғы сағат 5-тен бастап таулы және тауға жақын аудандарда қар аралас жаңбыр, сағат 7-ден бастап қаланың өзінде қар жауа бастады. Жауын-шашын таңғы 10-ға дейін жалғасады деп күтілуде. Таңертеңгі 9-дағы мәлімет бойынша қалада 4 мм жауын-шашын, ал Шымбұлақта 0,5 см қар түсті.
Күндізгі уақытта 565 бірлік арнайы техника мен 1069 жұмысшыжұмылдырылды. Арық өткелдерінің бітелуінің алдын алу және жергілікті су басу мәселесін жою үшін мотопомпа, багр және басқа құралдармен жабдықталған 32 жедел мобильді бригада кезекшілік етеді.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, су басу оқиғасы тіркелмеген. Көктайғақтың алдын алу мақсатында Бостандық және Медеу аудандарының жоғарғы бөлігінде 120 құмшашқыштың көмегімен көктайғаққа қарсы материалдар себілді.
Таңертеңгі сағат 9-ға дейін 55 тонна материал пайдаланылды. Таңғы сағат 5-тен бастап 30 «Эпока» техникасы арқылы қаланың жоғарғы аудандарындағы жолдар (Медеу, Шымбұлақ, Бутаковка, ШААЖ, Садықов, Асқаров, Дулати көшелері және т.б.) сұйық көктайғаққа қарсы реагенттермен өңделді. Барлығы 85 м³ мұзға қарсы ерітінді қолданылды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, негізгі жауын-шашын таңғы 10-ға дейін аяқталады. Әрі қарай айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +2…+4 °C болады.
Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -