Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
2-3 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.
Өнімнің жалпы көлемі 345 тонна құрайды, оның ішінде:* Ет өнімі – 70 тонна;* Жеміс-көкөніс өнімі – 100 тонна;* Сүт өнімі – 80 тонна;* Балық өнімдері – 5 тонна;* Өзге өнімдер – 90 тонна.* Жәрмеңке өтетін орын: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.
Құрметті көлік иелері!
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 1 қараша сағат 20:00-ден 3 қараша 20:00-ге дейін жабылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.
Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -