Алматыда мұғалімдер үшін жасанды интеллект саласында веб-әзірлеушілерді даярлау бағдарламасы іске қосылады: Алматы қаласы, 16 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда мұғалімдер үшін жасанды интеллект саласында веб-әзірлеушілерді даярлау бағдарламасы іске қосылады

Алматыда мұғалімдер үшін жасанды интеллект саласында веб-әзірлеушілерді даярлау бағдарламасы іске қосылады

Алматыда мұғалімдер үшін жасанды интеллект саласында веб-әзірлеушілерді даярлау бағдарламасы іске қосылады

Биыл «Алматы мектептері» бағдарламасын іске асыру аясында қалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын, цифрлық құзыреттілігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған сертификатталған бағдарлама бойынша 70 мұғалімді оқыту жалғасуда. Оқыту Cambridge International Assessment Education мақұлдаған оқу материалдарының төрт ресми әлемдік баспагерінің бірі Marshall Cavendish бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты педагогтардың тамыз саммиті барысында хабарлады.

«Осы оқу жылының басынан бастап біз Алматы қаласындағы мемлекеттік мектептердің мұғалімдері үшін жасанды интеллект саласында веб-әзірлеушілерді даярлаудың 12 апталық арнайы бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Әрбір мектеп командасы генеративті жасанды интеллект мүмкіндігін пайдалана отырып, өзінің веб-қосымшасын жасап, іске қосады», - деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, цифрлық оқыту мен ақпараттық технологиялардың маңызды аспектілерін қамтитын IT пәндері бойынша 100 мектептің мұғалімдерін оқыту бағдарламасы іске қосылды. Бұл мұғалімдерге инновацияларды оқу үдерісіне тиімді енгізуге мүмкіндік береді, деп сөзін түйіндеді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, Алматыда 2024-2025 оқу жылының қарсаңында «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында педагогтардың қалалық тамыз саммиті өтіп жатыр.



Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Биыл «Алматы мектептері» бағдарламасын іске асыру аясында қалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын, цифрлық құзыреттілігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған сертификатталған бағдарлама бойынша 70 мұғалімді оқыту жалғасуда. Оқыту Cambridge International Assessment Education мақұлдаған оқу материалдарының төрт ресми әлемдік баспагерінің бірі Marshall Cavendish бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты педагогтардың тамыз саммиті барысында хабарлады.</p> <p>«Осы оқу жылының басынан бастап біз Алматы қаласындағы мемлекеттік мектептердің мұғалімдері үшін жасанды интеллект саласында веб-әзірлеушілерді даярлаудың 12 апталық арнайы бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Әрбір мектеп командасы генеративті жасанды интеллект мүмкіндігін пайдалана отырып, өзінің веб-қосымшасын жасап, іске қосады», - деді шаһар басшысы.</p> <p>Сондай-ақ, оның айтуынша, цифрлық оқыту мен ақпараттық технологиялардың маңызды аспектілерін қамтитын IT пәндері бойынша 100 мектептің мұғалімдерін оқыту бағдарламасы іске қосылды. Бұл мұғалімдерге инновацияларды оқу үдерісіне тиімді енгізуге мүмкіндік береді, деп сөзін түйіндеді Ерболат Досаев.</p> <p>Айта кетейік, Алматыда 2024-2025 оқу жылының қарсаңында «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында педагогтардың қалалық тамыз саммиті өтіп жатыр.</p>

Аймақтағы жаңалықтар