Алматыда ықтимал су басып қалуды болдырмау үшін арнайы техника дайын
Алматыда 27 қазанда түнгі сағат 3-тен бастап жаңбыр жауа бастады, ол 28 қазан күнгі кешкі сағат 5-ке дейін жалғасады.
Қалада 12 мм жауын-шашын, Каменское платода 23 мм жауын-шашын болды.
28 қазандағы жағдай бойынша Алматыда қазан айында 61 мм түсті, айлық нормасы 50 мм, бұл 122%-ды құрайды.
ТЖ-дың жедел кезекшісінің ақпараты бойынша басып қалу фактісі тіркелген жоқ.
Ықтимал су басып қалудың алдын алу және жою мақсатында мотопомпалармен, багралармен және басқа да қажетті құралдарымен жабдықталған 42 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. Арық өткелдеріндегі кездейсоқ қоқыстардың барлық кептелістері 15-20 минут ішінде жойылады.
470 бірлік арнайы техника мен 1020 жол жұмысшысы жұмылдырылды, 2,1 мың қап құм дайындалды.
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша бүгін кешке дейін қалада биіктігі 8 мм-ге дейін жаңбыр жауады, сағат 11-ге дейін қатты жауын болады, кейін біртіндеп бәсеңдей. Тауларға қар түседі. Солтүстік-шығыс жел 3-8 м/с. ауа температурасы +6...+ 8°С.
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -