Алматыда ұзындығы 6000 метрге жуық жылу магистралі толықтай жаңартылды: Алматы қаласы, 06 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда ұзындығы 6000 метрге жуық жылу магистралі толықтай жаңартылды

Жетісу ауданының Айнабұлақ шағын ауданында «Алматы жылу желілері» ЖШС тапсырысы бойынша екі жыл бұрын басталған жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 5865 метр болатын жылу желілері жаңартылды.

2022 жылы 1730 м, 2023 жылы – 2000 м, ал 2024 жылы – 2135 м желілер қайта құрылды.

Биыл «Айнабұлақ» ТМ-18 жылу магистралі бойынша Мақатаев көшесінде (Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейінгі аралық) жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін аяқталды.

Қазіргі уақытта осы учаскені көріктендіру – жол төсемін ұсақ түйіршікті асфальтпен төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, кейін жол таңбалары сызылады.

Айта кетейік, жылу магистралі 1981 жылы пайдалануға берілген, оның пайдалану мерзімі 43 жыл, ал нормативтік пайдалану мерзімі 25 жыл.

Жоба 344 көпқабатты үйдің, 11 мектептің, 3 денсаулық сақтау нысанының және 483 басқа да нысанның тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етеді.

Биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 20 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, қаланың 6 ауданында жылуаралық кезеңде жұмыстар жүргізілді. Қайта жаңартудан кейін учаскелер ауа-райына байланысты кезең-кезеңімен көріктендіріледі.

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Жетісу ауданының Айнабұлақ шағын ауданында «Алматы жылу желілері» ЖШС тапсырысы бойынша екі жыл бұрын басталған жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 5865 метр болатын жылу желілері жаңартылды.

2022 жылы 1730 м, 2023 жылы – 2000 м, ал 2024 жылы – 2135 м желілер қайта құрылды.

Биыл «Айнабұлақ» ТМ-18 жылу магистралі бойынша Мақатаев көшесінде (Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейінгі аралық) жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін аяқталды.

Қазіргі уақытта осы учаскені көріктендіру – жол төсемін ұсақ түйіршікті асфальтпен төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, кейін жол таңбалары сызылады.

Айта кетейік, жылу магистралі 1981 жылы пайдалануға берілген, оның пайдалану мерзімі 43 жыл, ал нормативтік пайдалану мерзімі 25 жыл.

Жоба 344 көпқабатты үйдің, 11 мектептің, 3 денсаулық сақтау нысанының және 483 басқа да нысанның тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етеді.

Биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 20 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, қаланың 6 ауданында жылуаралық кезеңде жұмыстар жүргізілді. Қайта жаңартудан кейін учаскелер ауа-райына байланысты кезең-кезеңімен көріктендіріледі.

Аймақтағы жаңалықтар