Алматы облысында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде
ТЖД өрттің алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын күшейтуде. Осы қиын кезеңде тәуекелдерді азайту және халықтың әлеуметтік осал топтарының өмірі мен денсаулығын қорғауға ерекше назар аударылуда.
Ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында 613 өрт тіркеліп, соның салдарынан 5 адам зардап шегіп, 16 адам қаза тапты. Өрттердің көпшілігі тұрғын үй секторында орын алып, ағымдағы жылдың тоғыз айында 379 өрт болып, 14 адам қаза тапты. Облыстың елді мекендерінде әлеуметтік осал отбасылар тұратын 3743 үй тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 459 жағдайы анықталды, оның 409-ы сол жерде жедел жойылды.
Уйді аралау кезінде ТЖД қызметкерлері жылыту кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және өрт қауіпсіздігі бойынша ұсыныстар беруге ерекше назар аударады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлерінде улы газ датчиктері мен түтін хабарлағыштары орнатылады, ал көпқабатты үйлердің тұрғындарын хабардар ету үшін газ аспаптарын пайдалану ережелерін түсіндіру үшін дрон құралдарын пайдаланылды. Жылыту маусымы басталғаннан бері облыста 53 көміртегі тотығы датчигі орнатылды. Сонымен қатар, тұрғындарға негізгі қауіпсіздік ережелері бар жадынамалар таратылады.
Тұрақты профилактикалық шараларға қарамастан, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау мәселесі өзекті болып қала береді-көбісі өздеріне және айналасындағыларға қауіп төндіретін қарапайым сақтық шараларын елемеуді жалғастыруда.
ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:
- жұмыс істеп тұрған жылыту құрылғылары бар бөлмелерде балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
- электр жабдықтары мен газ құрылғыларын пайдалану ережелерін қатаң сақтаңыз.
- ақаулы электр құрылғыларын пайдаланбаңыз және үй ішінде темекі шекпеңіз.
- үйлеріңіздегі жылыту және желдету жүйелерінің дұрыстығын үнемі тексеріп отырыңыз.
ТЖД өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» телефондары арқылы дереу хабарлау қажет екенін ескертеді. Жедел әрекет ету ауыр зардаптардың алдын алуға және адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -