Ғалым Елемесовтің 95 жылдығына арналған еске алу іс-шаралары өтті: Астана қаласы, 14 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ғалым Елемесовтің 95 жылдығына арналған еске алу іс-шаралары өтті

Көкшетау қ., 2024 жылғы 14 маусым. Бүгін Ақмола облысының прокуратурасында белгілі заңгер, Республика Прокуроры Ғалым Бәжімұлы Елемесовтің 95-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Ғалым Елемесовтің ұрпақтары, прокуратура органдарының ардагерлері, Бас прокуратура басшылығы, Ақмола облысының әкімі, жергілікті құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.

Жиынды ашқан Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев көрнекті мемлекет қайраткері Ғалым Елемесовтің қадағалау саласын дамыту бағытында атқарған жұмысына тоқтала отырып, саналы ғұмырын заңға қызмет етуге арнаған тұлғаның өмір жолы – терең білім мен кәсіби шеберліктің, адалдық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау өңірінен шыққан ардақты азамат Ғалым Бәжімұлының еліміздегі құқықтық институттардың қалыптасуына қосқан үлесі туралы айтты.

Ғ.Б. Елемесов 1952 жылдан бастап прокуратура және сот жүйесінде 40 жылға жуық қызмет атқарып, білікті заңгер ретінде көптеген жауапты лауазымдарға тағайындалған. Еліміздің Прокуроры және Жоғарғы Сот төрағасы болып қызмет атқарған. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Халықтар достығы» орденімен наградталған және оған 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілген.

Прокуратураның құрметті қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Ғ.Б. Елемесов туралы естеліктерімен бөліскен ардагерлер оның терең білімі мен кәсіби шеберлігіне, сондай-ақ ерекше адамгершілік қасиеттеріне тоқталды.

Іс-шараға қатысушылар Ғалым Бәжімұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, сондай-ақ Ақмола облысы прокуратурасының ғимаратында орналасқан мұражайдағы оның өмірі мен қызметіне арналған экспонаттармен танысты.

Тұлғасы биік заңгердің Отан алдындағы еңбегіне тағзым, ал жастарға үлгі-өнеге ретінде өткізілген еске алу іс-шарасының тәрбиелік мәні ерекше болды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар