⚡️ Антикор Қаржы министрлігі лауазымды тұлғаларының қылмыстық схемасының жолын кесті: Астана қаласы, 10 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

⚡️ Антикор Қаржы министрлігі лауазымды тұлғаларының қылмыстық схемасының жолын кесті

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында.

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті салық тексерулеріне оң рұқсат бергені үшін Қаржы министрлігінің лауазымды адамдарының кәсіпкерлік субъектілерінен ақша қаражатын заңсыз алу жөніндегі қылмыстық схемасының жолын кесті.

Арнайы операция барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді.

Олар кәсіпорынға толық сомаға азайтылуы тиіс 570 млн теңге мөлшерінде салықты негізсіз қосымша есептеу туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізе отырып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деп күдіктенеді.

Алдағы уақытта аталған мәселені шешу сылтауымен 68 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алу үстінде Қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал әшкереленген.

Соттың санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, «үй қамағына» алынды.

Ведомствоның басқа лауазымды адамдарының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық кәсіпкерлерді бизнестің дамуына кедергі келтіретін шенеуніктер тарапынан заңсыз әрекеттер, сондай-ақ өзге де жемқорлық көріністері туралы «e-Otinish» порталына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына не Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің сайтындағы мекенжайлар бойынша хабарлауға шақырады.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар