«AQTOBE JASTARY» жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі басталады
Бұл тұрғын үй бағдарламасына Ақтөбе өңірінің 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады. Сондай-ақ, өз атында баспанасы жоқ аудандық және ауылдық деңгейде жұмыс істейтін жастарға мүмкіндік беріледі.
Тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 1 млрд.теңге бөлінді, оның 500 млн. теңгесі - жергілікті бюджеттен.
Жыл соңына дейін 100-ге жуық адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
«AQTOBE JASTARY» тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтінімдер https://eaqtobe.kz/#/ Ақтөбе облысының сервистік порталы арқылы 12-26 тамыз аралығында электрондық түрде қабылданады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -