Қарағандыда ТЖМ XIV қысқы спартакиадасы басталды
Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XIV қысқы спартакиадасы өтуде. Жарыс шеңберінде ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің командалары волейбол және арқан тарту сияқты спорт түрлеріндегі біріншілік үшін сайысатын болады.
Спартакиадаға волейболдан 25 команда және арқан тартудан 21 команда қатысады.
Бүгін «Жастар» спорт кешенінде жарыстың салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов, ТЖМ «Вatyr team» спорт клубының атқарушы директоры Әділет Қайрбаев, Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев, шақырылған қонақтар қатысты.
Спартакиада жарқын және тартысты өтеді деп күтілуде, қатысушылардың күші, төзімділігі мен командалық рухын көрсетеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -