Қарағанды хайуанаттар бағында айдарлы мангобейлердің қатары толықты
Қарағанды хайуанаттар бағында қара айдарлы мангобей төлдеді.
Өткен жылы хайуанаттар бағы БАӘ-де бір еркек пен екі ұрғашы мангобей сатып алды. Олар Арменияда карантиннен өтіп, Қарағандыға жеткізілді.
– Олардың есімдері Заза, Аза және Азиз. 12 қыркүйекте Азиз бен Зазаның төлі туылды. Бұл сақалды мангобейлер, орташа бойлы, өте ұзын құйрығы бар, дене бітімі әдемі келеді. Олардың маңдайында айдары бар. Өте шапшаң. Баласы әдемі, көздері қарақат тәрізді қап-қара болады. Біз осы маймылдаркөбейгеніне қуаныштымыз. Бұл біздің климатымыз аталған маймылдарға сәйкес келетінін білдіреді. Біз үшін кез-келген төлдің дүниеге келуі– ерекше оқиға, бұл жануарлардың сирек кездесетін түрі, – деді хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекова.
Заза төрт жаста және бірінші рет төлдеп отыр. Ол баласын бір минутқа да қолынан шығармайды, баланы тамақтандырады және күтеді.
– Заза өте жақсы ене. Қазір күшейтілген тамақтануда. Жидектер, жүзім, шабдалы және өрік жейді. Ол үшін тек баланы тамақтандыру керек, – дейді хайуанаттар бағының директоры.
Мангобейлердегі жүктілік 6 айға созылады және оларда тек бір төл туады. Бес апта бойы ол анасының қарнында отырады, содан кейін ол айналадағы кеңістікті біртіндеп игере бастайды, бірақ ата-анасы оны кем дегенде 14 аптадан кецін ғана өзінен босатады.
Қара мангобей Ангола мен Конго Демократиялық Республикасының құрғақ тропикалық және субтропикалық ормандарында тұрады. Бұл түр барлық уақытын ағаштарда өткізеді. Кейде жерге түседі. Мангобейлер негізінен жемістер мен тұқымдарды жейді, жылдың кейбір айларында олардың рационының едәуір бөлігі өсімдік шырынынан құралады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -