Қарағандылық дзюдошы әлем чемпионы атанды
Қарағандылық спортшы Санжар Ерұланұлы кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Қарағанды қаласының "Жас сұңқар" спорт мектебінің тәрбиеленушісі 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Жарыс Лима қаласында (Перу) өтті. Додаға 48 елден 400-ге жуық спортшы қатысты.
Әлемдік рейтингте бесінші орын алған қарағандылық дзюдошы Санжар Ерұланұлы турнирде екінші айналымнан бастап өнер көрсете бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізді, олардың әрқайсысында қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Шешуші жекпе-жекте Санжар Ерұланұлы украиналық Дмитро Квиноаны мерзімінен бұрын жеңді.
Қарағандылық спортшыны Хасен Сәкеев жаттықтырады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -