Қарағандылық команда Балапан Әбеновті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнирде жеңіске жетті
Қарағандыда белгілі заңгер, Балапан Әбеновті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті. Бірінші орынды қарағандылық "Қыран" командасы иеленді.
Балапан Әбеновті еске алу турнирі облыс орталығында 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл жарысқа 12 команда қатысты.
– Жарыс деңгейі жыл сайын артып келеді. Бұл жолы Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстарының футболшылары қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт басқармасынан кубоктар, медальдар және грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ Балапан Әбеновтің туған туыстарының демеушілігімен ақшалай сертификаттар алды. Келесі жылы бұл турнир республикалық деңгейге шығады, – дейді жарыстың бас төрешісі Балғабай Нұрланов.
Жарыс қорытындысы бойынша Қарағандыдан келген "Қыран" командасы алтын медальды қанжығалады.
Күміс жүлде Абай ауданынан келген футболшылар иеленді.
Үшінші орынды қарағандылық "Скаут" командасы жеңіп алды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -