Қарағандылық спортшы полиатлоннан әлем чемпионы атанды
Қарағандылық Максим Губарев полиатлоннан әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді. Жеңіс үшін Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінен 150-ден астам спортшы күресті.
Біріншілік Могилевте өтті. Төрт күн бойы олар қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру, ату, жүзу және спорттық снаряд лақтыру жарыстарында бақ сынасты. Ұпай бойынша қарағандылық 43 жастағы спортшы абсолютті біріншіліктің алтынын жеңіп алды.
– Жеңіске мен тер төгіп, еңбек етуімнің арқасында қол жеткіздім. Бұл жерде ең бастысы – тұрақты және жүйелі жаттығулар. Әр пәнге тиісті назар аудару керек. Сонда ғана жақсы нәтиже болады, – деп бөлісті Максим Губарев.
Қарағандылық спортшы полиатлонмен 20 жылға жуық айналысады. Бірнеше рет республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері атанды. Бұл Максим Губаревтің биыл ұтқан үшінші алтын медалі. Ол көпсайыстан жазғы және қысқы Қазақстан чемпионатында алғашқы екеуін жеңіп алды. Қазір спортшы қараша айында Петропавлда жабық үй-жайларда өтетін көпсайыстан ҚР Кубогына дайындалуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -