Қарағандылық студенттердің мәдениеттану бойынша зерттеулері Прагадағы конференцияда үздік деп танылды: Қарағанды ​​облысы, 06 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарағандылық студенттердің мәдениеттану бойынша зерттеулері Прагадағы конференцияда үздік деп танылды

Чехия астанасы Прагада "Ғылым мен білім берудің қазіргі даму тенденциялары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. "Мәдениеттану" бағыты бойынша өз зерттеулерін Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тау-кен факультетінің студенттері, "Балауса" студенттік клубының мүшелері ұсынды. Нәтижесінде жұмыстар үздік деп танылып, дипломдармен марапатталды.

І дәрежелі дипломмен Дарья Кормилицына және Алина Кобякова марапатталды. Маржан Нұржан мен Адия Тохметова II дәрежелі диплом алды.

Ғылыми жетекші – Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Евгения Ивлева.

Студенттер өз жұмыстарында мұражайлардың қоғам үшін рөлін, мәдени бірегейлікті қалыптастыруды талдады. Сондай-ақ, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық факторлардың мәдениеттің дамуына әсері қарастырылды.

Ә. Сағынов атвндағы ҚарТУ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Карагандинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Чехия астанасы Прагада "Ғылым мен білім берудің қазіргі даму тенденциялары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. "Мәдениеттану" бағыты бойынша өз зерттеулерін Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тау-кен факультетінің студенттері, "Балауса" студенттік клубының мүшелері ұсынды. Нәтижесінде жұмыстар үздік деп танылып, дипломдармен марапатталды.

І дәрежелі дипломмен Дарья Кормилицына және Алина Кобякова марапатталды. Маржан Нұржан мен Адия Тохметова II дәрежелі диплом алды.

Ғылыми жетекші – Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Евгения Ивлева.

Студенттер өз жұмыстарында мұражайлардың қоғам үшін рөлін, мәдени бірегейлікті қалыптастыруды талдады. Сондай-ақ, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық факторлардың мәдениеттің дамуына әсері қарастырылды.

Ә. Сағынов атвндағы ҚарТУ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Аймақтағы жаңалықтар