Қарағандылықтарды оркестрмен бірлесіп ойнайтын фортепиано концертіне шақырады
Қарағандыда Е. Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрмен бірге белгілі пианиношы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнар Құрамбаева өнер көрсетеді. Музыка әуесқойларын 23 қаңтарда «Шалқыма» концерт залына шақырады.
Дирижерлік пультте маэстро Айдар Торыбаев (Украина) болады.
Бағдарламада: қытайлық композитор Сян Синьхайдың «Сары өзен» туындысы; Вольфганг Амадей Моцарттың фортепианоға арналған № 23 концерті; Петр Чайковскийдің № 5 симфониясы.
Мәдениет үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Гүлнар Құрамбаева – біздің жерлесіміз, ол өзінің музыкалық мансабын Қарағандыда бастаған. Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін бітіргеннен кейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқуын жалғастырды. Пианиношы белгілі музыка педагогы Жәния Әубәкірованың мектебінен өтті. Өзі де талантты музыканттардың тұтас бір тобын дайындаған. Бүгінде Қазақстанда және одан тыс жерлерде белсенді концерттік қызмет атқаруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -