Қарағандылық жеңіл атлет Паралимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болды
Қарағандылық Дастан Мұқашбеков Париждегі XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында ядро итеруде қола жүлдегер атанып, Азияның жаңа рекордын орнатты.
Мұқашбековтің медалі – Қазақстан үшін Паралимпиадалық ойындарда осы спорт түрінен алғашқы медаль. Спортшы F36 класста ядро итеру жарысында үшінші болды. Оның нәтижесі 16 метрді құрады – бұл Азияның жаңа рекорды.
"Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің атынан және өз атымнан Дастан Мұқашбековты Паралимпиада ойындарындағы тарихи жеңісімен құттықтаймын! Ядро итеруде қола медаль жеңіп алу және Азияның жаңа рекордын орнату – бұл орасан зор еңбектің, табандылық пен рух күшінің нәтижесі. Бұл медаль Қазақстан үшін Паралимпиадалық ойындарда осы спорт түрінен бірінші болды", – деп жазды ҚР ҰКП президенті Қайрат Боранбаев @kazparalympics-те.
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -