Қарағанды облысы бойынша ТМРКД-ы азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы Қымбат Серікұлы Бейсенов 2025 жылғы 27 ақпанда күні сағат 15:00-ден 17:00-ға дейін Қарағанды облысының азаматтарды қабылдау орталығында Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709 мекен жайы бойынша азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.
Жеке қабылдау барысында азаматтар өңірдегі табиғи монополиялар мен коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде тарифтік саясатты, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуге байланысты басқа да мәселелерді талқылай алады.
Департамент Қарағанды облысының барлық мүдделі тұрғындарын, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдерін және өзгеде мүдделі тұлғаларды аталған қабылдауға қатысуға және туындаған мәселелер бойынша түсініктеме алуға шақырады.
Қосымша ақпарат алу немесе қабылдауға жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: (8-7212) 90-03-44.
Қарағанды облысы бойынша ТМРКД
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -