Қарағанды облысында дарынды хирург Сергей Лохвицкийді мерейтойымен құттықтады
Қарағанды облысында белгілі хирург, профессор Сергей Лохвицкийді мерейтойымен құттықтады. Ол 90 жасқа толды.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың атынан мерейтой иесін оның орынбасары Ораз Тәуірбеков құттықтап, медицина мен ғылымдағы сіңірген еңбегіне ризашылығын білдірді.
– Сіздің өміріңіз – медицинадағы қажырлы еңбек, ғылыми жаңалықтар мен дәрігерлердің жаңа буынын тәрбиелеуге толы тұтас бір дәуір. Сіздің хирургия мен медициналық білімді дамытуға қосқан үлесіңіз өте зор. Сіздің арқаңызда мыңдаған пациент өмір сүруге мүмкіндік алды, ал жүздеген шәкіртіңіз сіздің ісіңізді жалғастыруда, – деп атап өтті Ораз Тәуірбеков. – Сізге мықты денсаулық, сергектік, бақыт және игілік тілеймін! Сіздің өміріңіз қуанышқа, жақындарыңыздың жылылығына және оқушылардың алғысына толы болсын!
Осы жылдар ішінде профессор Сергей Лохвицкий жүзден астам докторанттар мен магистранттарды тәрбиелеп шығарды, олар бүгінде Қазақстанның және одан тыс жерлердегі медициналық мекемелерде жетекші қызметтерде. Оның ғылыми еңбектері мен зерттеулері әлемдік медициналық тәжірибені байытып қана қоймай, көптеген өмірді сақтап қалуға да көмектесті.
– Өткен жолыма баға бере отырып, мен ең үлкен ісім – хирургтар мектебімді дайындағанымды айта аламын деп санаймын. Менің мақтанышым – жоғары білікті маман болған шәкірттерім. Бүгінде олар хирургиялық ғылымды дамыта отырып, түрлі елдерде өмір сүріп, жұмыс істеуде, – деп атап өтті мерейтой иесі. – Сондай-ақ, бүгінгі таңда өңірдегі хирургияның айтарлықтай жоғары деңгейде екендігіне мен өте қуаныштымын, Бұл бір жағынан менің күш-жігерімнің және еңбегімнің арқасында деп ойлаймын.
Сергей Викторович Лохвицкий 1935 жылы Мәскеуде дүниеге келген. 1958 жылы И. М. Сеченов атындағы Мәскеу медицина институтының емдеу факультетін бітіріп, 1975 жылға дейін Мәскеуде жұмыс істеген. 1975 жылы 40 жастағы Сергей Лохвицкий Қарағандыға көшу туралы шешім қабылдайды, онда оған медициналық институттың госпитальдық хирургия кафедрасының меңгерушісі лауазымын ұсынған. Бұл қадам тағдыршешті болып шықты.
Сергей Лохвицкий «Парасат» орденімен марапатталған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ие.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -