Қарағанды облысында инновациялық-индустриялық хаб құру жоспарлануда
Қарағанды облысында металлургиялық кластер дамитын болады. Келісімге облыс әкімдігі мен Qarmet компаниясы қол қойды. Бұл жергілікті тауар өндірушілерді дамытуға көмектеседі. Жалпы алғанда экономиканы әртараптандыруға әсер етеді. Жаңа жұмыс орындары пайда болады. Ал инновациялық жобаларды қолдау үшін техникалық ЖОО базасында ғылыми хаб құру жоспарлануда.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жақын арада металлургиялық кластерді дамыту жоспарын ұсынуды тапсырды. Ол сондай-ақ шағын индустриялық аймақтарды кеңейту және кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа тәсілдерін іздеу қажеттігін атап өтті.
– Инновациялық дамуды ынталандыру және жаңа технологияларды енгізу шеңберінде Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында ғылыми хаб құру мәселесі пысықталуда. Инновациялық жобаларды қолдау, стартаптар құру және технологияларды дамыту үшін инфрақұрылымды, қызметтер мен бағдарламаларды ұсыну көзделіп отыр, – деп хабарлады өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Асқар Ғазалиев аппараттық кеңесте.
Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасының іске асырылуы туралы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская баяндады.
Оның айтуынша, өткен жылы 1280-ге жуық жаңа бизнес жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды. Жобаларды субсидиялау және кепілдендіру сияқты құралдар сұранысқа ие. Оны өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары белсенді пайдалануда.
Тағы бір тиімді құрал – мемлекет есебінен қажетті инженерлік инфрақұрылымды бизнес нысандарына жеткізу. Мысалы, Теміртауда кокс өндіретін кәсіпорын үшін су құбыры желілері салынады. Саранда мемлекеттік қолдау аясында санитарлық-гигиеналық өнім шығаратын зауыт газға қосыла алады.
– Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Субсидиялау бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша мың жаңа жоба мен 1690 жобаны қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Осы жылдан бастап қолдаудың жаңа құралы іске қосылды – бұл субсидиялау және ішкі сауда субъектілеріне кепілдік беру. Қаңтар айында қазіргі заманғы сауда форматтарын салуға және кеңейтуге бағытталған 9 жоба мақұлданды. Сондай-ақ, осы жылдан бастап кәсіпкерлік басқармасы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Ол облыстың кәсіпкерлер палатасы арқылы жүзеге асырылады, – деді Ирина Любарская.
Облыста шағын және орта бизнес тұрақты өсуде. Субъектілер саны 101 мыңнан асты. Бұл салада өңірдің экономикалық белсенді халқының жартысына жуығы жұмыс істейді.
– Бизнесті қолдаудың нәтижесі экономика өсімін ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту және салық базасын кеңейту болып табылады, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -