Қарағанды облысында мүгедектігі бар тұрғындар үшін инклюзивті жұмыс орындары ашылуда
Қарағанды облысында мемлекеттік қолдау мүгедектігі бар тұрғындарды жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасалуда. Есту қабілеті нашар тігінші Лидия Гонкина мамандығы бойынша жұмыс істейді. Ол егер ниетің болса, жұмысқа кедергі болмайды деп сенеді.
Бір жыл бұрын Лидия «Дедал» тігін цехына мүгедектер үшін арнайы жұмыс орнына орналасқан.
– Бұған дейін мен ательенің бірінде тігінші болып жұмыс істедім. Тапсырыстар біткенде, маған басқа орын іздеуге тура келді. Мансап орталығына бардым. Маған қалада немесе Майқұдықта жұмыс ұсынылды. Мен осы ауданда тұрғандықтан Пришахтинсктен орын тауып берулерін сұрадым. Маған жұмыс ұсынды, – дейді Лидия. – Біздің ұжымымыз керемет. Бәрі бір-біріне көмектеседі. Тіпті қыздар маған сәлем беріп, шай ішуге шақыру үшін ымдап сөйлесуді де үйренді.
«Дедал» тігін цехы арнайы киім тігумен айналысады. Бұл кәсіпорындағы алғашқы арнайы жұмыс орны емес.
Мүгедектігі бар қызметкерлердің қолайлылығы мен қауіпсіздігі үшін сыртқы және ішкі құлақтандыру жабдығы, соның ішінде сандық табло мен «ақылды» қол сағаттар орнатылған.
Кәсіпорын – түрлі мемлекеттік бағдарламалардың тұрақты қатысушысы. «Дедал» мүгедектігі бар адамдар үшін тағы бір жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.
Табысты еңбек интеграциясының тағы бір мысалы - Ардақ Ысқақова. ІІІ топ мүгедектігін алғаннан кейін оған жұмыстан кетуге тура келген.
Сол кезде ол Еңбек ұтқырлығы орталығына жүгініп, оған мемлекеттік бағдарлама бойынша Rakhat-Med клиникасына әкімші болып жұмысқа орналасуға көмектескен. Медициналық ұйымның басшылығы арнайы пернетақтасы және қажетті бағдарламалық жасақтамасы бар компьютер сатып алды.
– Жұмыс істей алатын мүмкіндігі шектеулі адамдарға Мансап орталығына жүгінуге кеңес беремін. Жұмыс бар, ол біздер үшін мүлдем қиын емес, – дейді Ардақ.
Қарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұрлан Сыздықовтың айтуынша, кәсіпорындар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алуға ниетті. Бұған мемлекет жұмыс берушілерге субсидия төлей отырып ықпал етеді.
– Өткен жылы Еңбек ұтқырлығы орталығы екі бағыт бойынша 13 арнайы жұмыс орнын құрды. Биыл мүгедектігі бар адамдарды үш санат бойынша жұмысқа орналастыру жоспарланған: есту, көру қабілеті бұзылған және тірек-қимыл аппаратында проблемалары бар адамдар, – деп түсіндірді Нұрлан Сыздықов. – Жұмыс берушінің басты міндеті – ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау. Ал мемлекет өз тарапынан олардың ниеттерін қолдайды.
Жұмыс берушіге арнайы жұмыс орындарын жабдықтау үшін құрылғылар сатып алу және орнату шығындары өтеледі. Сондай-ақ, мемлекет мүгедектігі бар адамдар жалақысының бір бөлігін өзіне алады. Субсидиялар ай сайын үш жыл бойы төленеді: бірінші жылы – жалақының 70%-ы (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), екінші жылы – жалақының 65%-ы, үшінші жылы – 60%-ы.
11 жұмыс орнын ұйымдастыруға бес өтінім келіп түсті, олардың бір бөлігі мақұлданды. Бұл Қарағандыда пластикалық терезе жинаушылар үшін алты бос орын, Саранда бір түптеуші орны және Абай ауданында есту қабілеті нашар адамдар үшін буып-түю орны ашылды. Сондай-ақ Қарағандыда тірек-қимыл аппараты проблемалары бар адамдарға арналған маркетинг жөніндегі менеджердің бос орны мақұлданды.
Облыста қазір 55 мың мүгедек адам тұрады, олардың 32 мыңнан астамы еңбекке жарамды жастағы адамдар. Бүгінгі таңда олардың үштен бірі өз бетінше немесе мансаптық орталықтардың көмегімен жұмыс тапты. Оларға барлығы 1200 мүмкіндігі шектеулі жан жүгінді. 700-не түрлі бағдарламалар мен бағыттар бойынша жұмыс орындары таңдалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -