Қарағанды облысында мыңнан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Қарағанды облысында 1080 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. 2024 жылдың соңына дейін Қарағанды облысы бойынша 691 нысанды бейімдеу жоспарланған, өңірде жоспар артығымен орындалып.
– Қарағанды қаласындағы Бұқар Жырау даңғылының бойындағы «Шахтер» стадионынан теміржол вокзалына дейінгі жүргіншілер жолын мысалға келтіргім келеді. Жаңа төсеніштер тегіс төселген, көлбеу бұрыш қауіпсіз жүріп, түсуге ыңғайлы. Осының арқасында мен Нұркен Әбдіров спорт сарайына, Қарағанды қаласының орталық саябағына, Кеншілер мәдениет сарайына, «City Mall» СОО-на және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандарға емін-еркін бара аламын. Сондай-ақ, көптеген автобустар пандустармен жабдықталған, қоғамдық көліктерде, яғни автобустарда мүгедектігі бар адамдар үшін жол жүру ақысы тегін. Жалпы, Қарағанды қаласында мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр деп айта аламын және бұдан әрі тек жағдай жақсара түсетініне сенемін, – деп бөлісті өз ойымен бірінші топтағы мүгедектігі бар азамат Найман Жақсығорин.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, Amanat партиясының 2023–2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -