Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» жобасы өңір халқының төрттен бірін біріктірді: Қарағанды ​​облысы, 20 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» жобасы өңір халқының төрттен бірін біріктірді

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 240 мыңнан астам адамды біріктірді, бұл халықтың төрттен бір бөлігін құрайды. Мемлекет басшысының бастамасын 11 мыңға жуық кәсіпорын қолдады.

«Таза Қазақстанның» өткен жылғы қорытындысы аппараттық кеңесте шығарылды.

– Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыстар өткен жылдың сәуір айында басталған болатын. Осы уақыт аралығында оған 242 мың адам, 10 743 кәсіпорын қатысты. 1433 бірлік техника жұмылдырылып, рұқсат етілмеген 643 қоқыс жойылып, 200 мың тонна қоқыс шығарылды. 273 саябақ пен гүлзар, 441 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы ретке келтірілді. 154 288 ағаш, 7720 бұта егілді. 125 су қоймасының аумағы тазартылды. 45 субұрқақ жөнделді, – деп баяндады энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Ермеков.

«Таза Қазақстанды» ілгерілетуге «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар, санитарлық нормаларды бұзушыларға 1200 астам айыппұл, 10 700 ескерту рәсімделді.

Өткен жылдың маусым айынан бастап «Таза Қазақстан» телеграм-боты жұмыс істейді. Тұрғындар бұл платформаға проблемалары туралы хабарлай алады. Қазіргі уақытта 819 өтініш келіп түсті, оларға қатысты жедел шаралар қабылданды.

Қазір қыс айларында қарды уақытылы тазалау қажет. Өткен аптада 7200 тонна қар шығарылды, тайғаққа қарсы 3100 тонна материал пайдаланылды.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Таза Қазақстан» бір реттік акция емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған ұлттық қозғалыс екенін атап өтті.

– Жалпы, Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына облыс тұрғындары зор қолдау көрсетті. Ең алдымен өзімізден бастауымыз керек, экологиялық сананы мектепке дейінгі жастан бастап қалыптастыру керек. Барлық жерде тазалық пен тәртіп болуы тиіс! Биыл қалаларымыз бен ауылдарымыз таза әрі әдемі болуы үшін бірлесіп жұмысты күшейтеміз, – деп атап өтті өңір басшысы.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Карагандинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар