Қарағанды облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
31 қазанда сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін Қарағанды қаласының «Сары-Арқа аэропорты» жағдайында лаңкестік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша «Дабыл-Антитеррор-2024» терроризмге қарсы оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу аясында Қарағанды қаласының әуежай аумағында автокөлік қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған.
Осыған орай, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -