Қарағанды облысының колледж студенттерін 100 үздік студент байқауына қатысуға шақырады
Қарағанды облысында 20 ақпанда үздік 100 колледж студентінің облыстық байқауы басталады. Ол Жұмысшы мамандықтар жылы аясында талантты жастарды қолдау үшін ұйымдастырылған.
Білім, дағды, дарындылықтың арқасында жетістікке жеткен колледж студенттері қатысады деп күтілуде:
- қоғамдық бірлестіктердің, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының және волонтерлік қозғалыстың мүшелері;
- Worldskills өңірлік, ұлттық және халықаралық чемпионаттарының және басқа да кәсіби шеберлік конкурстарының қатысушылары мен жеңімпаздары;
- ғылыми конференцияларға қатысушылар мен олимпиадалардың, түрлі конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары;
- мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін бағдарламалар мен қызмет бағыттарына қатысушылар;
- шығармашылық ұжымдардың өкілдері;
- жобалар, инновациялық идеялар, стартап-жобалар авторлары.
Өтінімдер онлайн режимінде 20 ақпаннан 10 наурызға дейін (қоса алғанда) бірыңғай электрондық мекенжайға қабылданады: sto.top.00@mail.ru.
Өтінімге мыналарды қоса беру қажет:
1. Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын идеяларды ашатын уәждемелік хат (350 сөзге дейін).
2. Бейнероликке сілтеме (2 минутқа дейін) – қатысушы оны әлеуметтік желілердегі өз парақшасында жариялайды, өзінің өңіріне пайда әкелетін болашақ маман ретінде өзі туралы айтады және түсініктемелер мен пікірлер жинайды.
Соңғы үш жыл ішіндегі конкурстардың жеңімпаздарына қайта қатысуға рұқсат етілмейді.
11—20 наурыз аралығында байқаудың республикалық кезеңіне іріктеу өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -