Қарағанды облысы ТЖД жаңа бастығы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Қарағанды облысы ТЖД бастығы болып бұрын ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған Марғұлан Топашұлы Аманбаев тағайындалды.
ҚР ТЖМ аппараты басшысының міндетін атқарушы Ерғали Бахаев Департаменттің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.
Марғұлан Аманбаев азаматтық қорғау органдарында 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -