Қарақия ауданының Аппақ ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді: Маңғыстау облысы, 30 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарақия ауданының Аппақ ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді

Қарақия ауданына қарасты Аппақ елді мекенінде фельдшерлік акушерлік пункт пайдалануға берілді. Аталған ФАП пункті жергілікті тұрғындардың денсаулығын сақтау және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында ашылған. Ақ халаттылар Аппақ ауылын қамтитын 700 адамға сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Фельдшерлік-акушерлік пункт 2024 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 1460 шаршы метрді құрайды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген медициналық ғимараттың жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнда тек шұғыл көмек көрсетіп қана қоймай жүкті әйелдердің жағдайын бақылайды. Тұрғындарға медициналық кеңес беріп, балаларға және созылмалы сырқаты бар науқастарға тексерулер жүргізеді. Вакциналау және аурудың алдын алу шараларын ұйымдастырады.

Сонымен қатар медициналық зерттеулер қан, несеп және басқа да талдауларды қабылдау қызметі де жұмыс істейді. Медициналық нысан физиотерапия, зарарсыздандыру, қақырықты алу, емшара, акушерлік пункт, егу сынды бірнеше кабинеттермен жабдықталған.

Аппақ елді мекеніндегі жаңа медициналық нысан тұрғындардың денсаулығын жақсарту, уақытылы көмек көрсету және алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша маңызды рөл атқармақ.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Маңғыстау ауданына қарасты Қосбұлақ ауылында дәрігерлік амбулатория нысаны мен Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында медициналық пункт ғимараты қолданысқа берілетін болады.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Мангистауской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қарақия ауданына қарасты Аппақ елді мекенінде фельдшерлік акушерлік пункт пайдалануға берілді. Аталған ФАП пункті жергілікті тұрғындардың денсаулығын сақтау және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында ашылған. Ақ халаттылар Аппақ ауылын қамтитын 700 адамға сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Фельдшерлік-акушерлік пункт 2024 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 1460 шаршы метрді құрайды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген медициналық ғимараттың жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнда тек шұғыл көмек көрсетіп қана қоймай жүкті әйелдердің жағдайын бақылайды. Тұрғындарға медициналық кеңес беріп, балаларға және созылмалы сырқаты бар науқастарға тексерулер жүргізеді. Вакциналау және аурудың алдын алу шараларын ұйымдастырады.

Сонымен қатар медициналық зерттеулер қан, несеп және басқа да талдауларды қабылдау қызметі де жұмыс істейді. Медициналық нысан физиотерапия, зарарсыздандыру, қақырықты алу, емшара, акушерлік пункт, егу сынды бірнеше кабинеттермен жабдықталған.

Аппақ елді мекеніндегі жаңа медициналық нысан тұрғындардың денсаулығын жақсарту, уақытылы көмек көрсету және алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша маңызды рөл атқармақ.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Маңғыстау ауданына қарасты Қосбұлақ ауылында дәрігерлік амбулатория нысаны мен Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында медициналық пункт ғимараты қолданысқа берілетін болады.

Аймақтағы жаңалықтар