Қарулы күштердің басшылық құрамымен өткен жиында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі талқыланды: Астана қаласы, 26 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарулы күштердің басшылық құрамымен өткен жиында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі талқыланды

Аягөз гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Онда қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, әскерлерді даярлау тәсілдерін жетілдіру мәселелері қаралды және 2024 оқу жылының қысқы кезеңіндегі әскери басқару органдары мен әскерлер қызметінің қорытындылары шығарылды.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігі, Бас штаб құрылымдық бөлімшелерінің, әскери жоғары оқу орындарының бастықтары, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері әскерлерінің қолбасшылары қатысты.

Жиында өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының жедел далалық іс-шаралардың қорытындылары туралы баяндамалары тыңдалып, қорғаныс ведомствосы қызметінің басым бағыттарын іске асыру бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Жедел-әдістемелік жиын аясында әскери-ғылыми конференция өтті. Онда қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың негізгі тенденциялары, ақпараттық күрес әдістері, құрамалар мен бөлімдерді басқару пункттерінің байланыс құралдарын қолдану ерекшеліктері туралы баяндамалар тыңдалды. Қатысушылардың назарына ұшқышсыз басқарылатын авиация жүйелерін жарақтандырудың қазіргі жағдайы мен перспективалары тақырыбы ұсынылды. Оған қоса соғыстар мен қарулы қақтығыстар тәжірибесі бойынша аумақтық қорғаныс күштерін қолдану ерекшеліктері қарастырылды.

«Майлин» оқу-жаттығу полигонында жиынға қатысушыларға арнайы көрнекі сабақтар өткізілді. Оның барысында броньды нысандарды жою, қарсыластың ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларына қарсы тұру және марш кезінде мина-жарылғыш кедергілерді еңсеру тәсілдері зерделенді. Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің қазіргі жағдайлары да ескерілді, тактикалық оқу-жаттығуларды дайындау әдістемесі қарастырылды. Тұрақты орналасу пункттерінде, позицияларда және басқару пункттерінде ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларға қарсы іс-қимылда тегіс ұңғылы қарудың жауынгерлік мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері зерттелді.

Практикалық сабақта офицерлер шоғырланған жерде жедел бірлестіктің командалық пункттерін орналастыру мәселелерін де пысықтады.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар