Қарулы Күштерді жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары бекітіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт ҚР Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында дайындалды.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биыл 1 сәуірге дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15485412 сілтеме бойынша танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -