Астанада Ардагерлер кеңесінің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті
Астанада Сарыарқа ауданы Ардагерлер кеңесінің 20 жылдық мерейтойы ерекше салтанатты жағдайда аталып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Дінмұхамед Кулдашов, Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов аудан ардагерлерін құттықтап, лебізін білдірді. Сондай-ақ бір топ ардагерлер мен кеңес жұмысына белсене атсалысқан азаматтарға алғыс хат табысталып, олардың аудан дамуына қосқан үлесі ерекше аталып өтті.
«Бүгінде Сарыарқа ауданында 29 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың өмір сапасын жақсарту – біздің басты мақсат. Бұл бағытта 18 мыңнан астам ардагерді біріктіретін 154 ұйым белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Зейнеткерлерді қолдауда «Оптимист», «Зодиак» және «Алтын босаға» орталықтарының маңызы зор. Мұнда аға буын мәдени іс-шараларға қатысып, жастармен кездесіп, өз уақыттарын пайдалы өткізеді. Сонымен қатар, біздің ауданда «Белсенді өмір сүру орталығы» жұмыс істеуде, оған күн сайын 100-150 адам келеді. Ал 3 мыңнан астам зейнеткер түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысады» дейді аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Уляш Құсайынова.
Айта кетейік, 2004 жылы 16 шілдеде Сарыарқа ауданының Ардагерлер кеңесі құрылды. Аталған ұйым 20 жылда ардагерлер мен зейнеткерлерді біріктіріп, олардың белсенді өмір сүруін қолдайтын және ауданның дамуына елеулі үлес қосатын маңызды қоғамдық күшке айналған.Салтанатты жиын Е.Рахмадиев атындағы филармония әртістерінің концертімен жалғасты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -