ҚАСЫМ, ЖОМАРТ, КЕМЕЛ. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ: Түркістан облысы, 27 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАСЫМ, ЖОМАРТ, КЕМЕЛ. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ҚАСЫМ, ЖОМАРТ, КЕМЕЛ. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ҚАСЫМ, ЖОМАРТ, КЕМЕЛ. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Келес ауданы, Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды. Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты. Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы. Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын – жүктіліктің 33-шы аптасында босанған. Кейбір қарсы көрсеткіштерге

байланысты көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған. Үшем шала туылған, балалардың салмағы 2000 грамм шамасында болған. – Ота жасаған және жалпы №1 Перинаталдық орталығының акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық, – деді үшемнің анасы. Нәрестелердің салмағы – 1 келі 965 грамм, 1 келі 925 грамм және 1 келі 975 грамм. Үшемнің ата-анасының 7 қызы бар. Қазіргі уақытта қыздары інілері мен сіңлісімен қауышатын күнді асыға күтуде. Сәбилердің ата-анасы №1 Перинаталдық орталығының дәрігерлеріне алғыстарын білдірді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Келес ауданы, Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды. Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты. Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы. Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын – жүктіліктің 33-шы аптасында босанған. Кейбір қарсы көрсеткіштерге <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>байланысты көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған. Үшем шала туылған, балалардың салмағы 2000 грамм шамасында болған. – Ота жасаған және жалпы №1 Перинаталдық орталығының акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық, – деді үшемнің анасы. Нәрестелердің салмағы – 1 келі 965 грамм, 1 келі 925 грамм және 1 келі 975 грамм. Үшемнің ата-анасының 7 қызы бар. Қазіргі уақытта қыздары інілері мен сіңлісімен қауышатын күнді асыға күтуде. Сәбилердің ата-анасы №1 Перинаталдық орталығының дәрігерлеріне алғыстарын білдірді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар