Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларының 4-тармағына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласында және оған іргелес кенттерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушыларды айқындау бойынша конкурс ұйымдастырады.
Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 4 шілдесі сағат 09.00-ден 25 шілдесі сағат 18.00-ге дейін қабылданады, конкурсқа (тендерге) қатысуға өтінімді қабылдау орны: Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 101А Б., 11 кабинет.
Комиссия хатшысы Асылканова Айгерим Хайратовна, байланыс деректері: 8(72156)20114.
Конкурстық құжаттаманы және үлгілік шартты «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ немесе Шахтинск қаласы әкімі аппаратының ресми сайтынан алуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -